Перуде балаға Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

Сурет: dimashnews.com
Перудің Лима қаласындағы әуежайға қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді қарсы алуға оның есімі берілген кішкентай бала анасымен бірге келді. Қолына әншіге арналған плакат ұстаған бүлдіршіннің видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеоны әншінің жанкүйері Шолпан Табаева Instagram-дағы парақшасында жариялап, әсерлі жазбаны бөлісті.

Оның айтуынша, кейбіреулер ел ішінде Димаштың әлемдік деңгейдегі жетістігіне күмән келтіріп, мұның бәрін сәттілікпен байланыстырып жүргенде, алыстағы Перуде ата-аналар балаларына әншінің есімін беріп жатыр.

Жазба авторының сөзінше, Лима қаласында әншіні қарсы алуға қолдан жасалған плакаттарын ұстаған жүздеген адам жиналған. Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі жандар да болған.

"Әлем бастан кешіп жатқан осындай күрделі кезеңде Димаш миллиондаған адамның жүрегіне жақын жанға айналды. Ол – адамдарға қуаныш сыйлап, сүйеніш әрі үміт бола білген тұлға. Димаш жай ғана әнші емес, ол – мәдени әрі әлеуметтік феномен", – деп жазды Табаева 2026 жылғы 26 қарашада.

Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Чилидегі концерті аншлагпен өткенін хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек