Қытайда "омикрон" штаммын жұқтырған бірінші адам анықталды

Сурет: pixabay
Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласының Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы бұл мәліметті растады.

Қытай билігі коронавирустың "омикрон" штаммын жұқтырған алғашқы жағдай анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қытайлық Tianjin Daily басылымына сілтеме жасап, NDTV  хабарлады.

Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласының Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы қалаға шетелден келген симптомы білінбейтін Covid-19 тасымалдаушысынан алынған үлгіні вирус геномымен шағыстырып көрді. Осыдан кейін бұл коронавирустың жаңа түрі - омикрон екендігі ресми түрде расталды.

Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон өз елінде коронавирустың "омикрон" штаммын жұқтырғандар арасында алғашқы кісі өлімі тіркелгенін хабарлаған еді. Осыдан кейін Джонсон "омикрон штаммы" коронавирустың жеңіл түрі деген ойдан арылу керектігін айтты.

Ұлыбритания
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін