Денсаулық сақтау министрлігі тағы бір вакцина түрін алдырмақшы

Министр оның неліктен қажет болғанын түсіндіріп берді

Денсаулық сақтау министрі бүгін қайта вакцинацияланғысы келетіндерге арналған "Спутник лайт" вакцинасын жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда ревакцинациялауға компоненттері бірдей вакциналар қолданылады.

«Спутник» вакцинасын салуға болмайды. Онда екі түрлі компонент бар. Компоненттері бірдей вакциналар ғана егіледі. «Спутник-V» вакцинасының бірінші және екінші компоненттері әртүрлі. Соған байланысты Қазақстанда ревакцинация кезінде бірінші және екінші компоненттері бірдей вакциналар қолданылады. Алексей Цой

Алексей Цой ревакцинациялауға қатысты екі жолдың қарастырылып жатқанын айтты. Оның бірі – вакцинаны өзімізде шығару немесе сырттан алдыру. Министр қайсысы жылдамырақ болса, сол таңдалатынын айтты.

Сондай-ақ, ол «Pfizer» вакцинасы бойынша қазақстандықтар шешімді өздері қабылдайтынын айтты.

Бір дозамен ревакцинация ұсынылады, яғни үшінші компонент. Бұл қазірдің өзінде әр азаматтың таңдауына байланысты. Қазір министрліктің талаптары мен халықаралық ұсыныстар бойынша вакцинаның бір дозасы қажет. Егер азаматтар ақылы болғанын қаласа, бұл олардың қалауына қарай шешіледі. Бірақ қазіргі уақытта ДДҰ қосымша бір дозаны ұсынып отыр. Ол бүкіл әлемге ұсынылуда. Алексей Цой

«QazVac», «Спутник V» сынды вакциналардың 1-компонентін елімізде 8,8 млн-нан астам, екінші компонентін 8,3 млн-нан астам адам салдырып үлгерді. Сондай-ақ 136 мың адам ревакцинация алды, 188 906 адам Pfizer вакцинасын салдырды.

Нұр-Сұлтан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: