Қазақстанда 2022 жылға арналған COVID-19-ға қарсы күрестің іс-қимыл жоспары бекітілді

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы қаулысымен 2021-2022 жылдарға арналған коронавирус инфекциясы пандемиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі шұғыл әрекет жоспары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz

2022 жылға жоспарланған іс-қимылдар:

"Covid-19-сыз саяхаттаймын" қосымшасымен қатар Ashyq мобильді қосымшасын қолдану мүмкіндігі мәселесін пысықтау.

Сонымен қатар халықты вакциналаумен қамтуды кеңейту, халыққа медициналық көмек көрсету, медициналық оңалту және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Тағы жоспарда бары:

  1. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, КВИ диагностикасы мен емге қажетті жаңа технологияларын енгізу.

  2. Covid-19-бен күрестен алынған және халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды ұйымдастыру тәсілдерін бейімдеу.

  3. COVID-19-дың ұзақмерзімді салдарын клиникалық бақылау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

  4. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын халықты жылжымалы медициналық кешендермен медициналық поездарды тарта отырып, медициналық қызметтермен қамтамасыз ету.

Сондай-ақ бұл жоспар коммуникациялық стратегияны енгізуді, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуды көздейді.

Мысалы, КВИ мутациясын ескере отырып, QazCovid-in вакцинасын түрлендіру жөніндегі шараларды іске асыру, сондай-ақ КВИ кезінде "Эфесовир" дәрілік затының тиімділігін клиникалық жағдайда зерттеу көзделген.

Іс-шаралар жоспарын толығымен мына жерден оқи аласыздар.

QazVac
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты