Жаңажылдық мерекеде қазақстандықтар құнттамайтын 6 жағдай

Сурет: zakon.kz
"Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы соңғы үш жылда жаңа жылдық мерекелер кезінде жиі кездескен жазатайым оқиғаларды тізбелеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz

Сақтандыру компаниясы қазақстандықтардың соңғы жылдардағы Жаңа жыл мерекесінен кейін сақтандыру жағдайын сараптай келе, негізгілерінің тізімін жасап шығыпты.

Жаңа жылдық мерекелер кезінде қазақстандықтардың басым бөлігі суық тию диагнозымен медицина мамандарына жүгінеді екен. Бұл мереке кезінде болатын оқиғалардың жалпы санының 38 пайызына тең.

Соңғы жылдары дене мүшесіне зақым келтіру оқиғаларының үлесі 14%-дан 19%- ға артқан.

Мереке күндері асты шамадан тыс жеп-ішу, ащы және майлы тағамдардың көптігі асқазан-ішек жолдарының ауруына әкеліп соғады.

Жаңа жылдық мерекелер кезінде алкогольмен уланудың үлесі айтарлықтай артады.

Көбінесе ересектер мен балаларда апельсин, мандарин, шоколад және жаңғақтар (жержаңғақ ең қауіпті), балық тағамдары сияқты астар аллергиялық реакция тудырады.

Мамандар жаңа жылдық мерекелер кезінде пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде денесін күйік шалу фактілері де азаймай отырғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұған ешқандай сертификаты жоқ пиротехника кінәлі көрінеді. Сақтандыру компаниясының мамандары жоғарыда аталған тізімге мұқият болуға кеңес береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі