Алматыда ядролық медицина орталығы ашылды

Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «МедИнвестГрупп Қазақстан» компаниясының қолдауымен ашылған ядролық медицина орталығына барды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл еліміздегі алғашқы инновациялық медициналық орталық, оның қызметі онкологиялық ауруларды диагностикалауға бағытталған. Орталықта медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде барлық қазақстандықтарға тегін және қолжетімді зерттеулер жүргізіледі.

Суерт: primeminister.kz

Ядролық медицина орталығы онкологиялық патологияларды ерте анықтау үшін ең заманауи жабдықтармен жабдықталған. Жоғары технологиялық ПЭТ сканері – Biograph Horizon, Siemens позитронды-эмиссиялық және компьютерлік томография мүмкіндіктерін біріктіреді.

Сурет: primeminister.kz

Зерттеу ісіктің құрылымы мен функционалдық ерекшеліктерін молекулалық деңгейде бағалауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс ең кішкентай ошақтарды анықтауға және неоплазмалардың орналасуы мен шекаралары туралы нақты мәліметтермен адам ағзасының үш өлшемді бейнесін алуға мүмкіндік береді.

Инновациялық зерттеулер пациенттің жағдайы туралы нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл ауруды нақтылау кезеңінде де, емдеу кезеңінде де маңызды. Ең заманауи аппаратурамен жабдықталған медициналық орталықтар Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтау және өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін өте маңызды. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов

Алматы қаласының ядролық медицина орталығы жылына 7 000 пациентті қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл емдеу мен диагностикаға мұқтаж қазақстандықтарға зерттеулердің күрделі рәсімін күту мерзімін айтарлықтай қысқартады. Осындай орталықтар жақын арада Орал, Шымкент және Қарағанды қалаларында MIG Qazaqstan инвестициялық компаниясымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылатын болады.

Сурет: primeminister.kz

Қазақстан
Тоғжанов Ералы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды