Коронавирус: Әлемдегі соңғы жаңалықтар

Француздар заң жүзінде вакциналық рұқсатнама алуға міндеттелді, деп хабарлайды Zakon.kz

Франция парламентінің депутаттары азаматтардың мүмкіндігінше тезірек ревакцинациядан өтуіне дауыс берді. Әлемде коронавирус індетіне байланысты жағдайдың нашарлауы және елде жаңа «омикрон» штамының жылдам таралуына байланысты санитарлық рұқсаттамалар вакциналық рұқсаттамаларға ауысып жатыр.

Бұл мейрамханаларға, кафелерге, барларға, мәдени мекемелерге барғанда, сондай-ақ пойыздар қызметін пайдалану кезінде міндетті болады. Құжат COVID-19-ға қарсы вакцина алған жағдайда ғана беріледі.

Танымал ресейлік иммунолог Николай Крюков коронавирусқа қарсы вакцинация «омикрон» штамын жұқтырған жағдайда аурудың ауыр ағымы қаупін едәуір төмендетеді деген теорияны растады. Ғалымның айтуынша, мРНҚ вакциналары ауруханаға жатқызу және өлім қаупін 90% төмендетеді. Аденовирустық векторлық препараттар үшін бұл көрсеткіш шамамен 85%-ды құрайды. Осылайша, вакцинациядан өткен адамдар коронавирустың таралуын тежейді.

Германия COVID-19 вакцинациясынан бас тартатын дәрігерлерге қойылатын талаптарды қатаңдатады. ГФР-да сертификатсыз дәрігерлік практика персоналы жұмыстан босатылады. Қызметкерлер 15 наурызға дейін вакцинация туралы құжатты немесе COVID-19-дан сауыққандығы туралы анықтаманы ұсынуы керек. Бұл тек медицина саласының қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар тазалаушыларға, ас үй қызметкерлеріне және жеке медициналық мекемелердің басқа қызметкерлеріне де қатысты. Медициналық көмекті үйде көрсететін неміс дәрігерлерінің бірлестігі пациенттермен жұмыс істеуге тыйым салуы мүмкін деп ескертті. Қызметкерлері вакцинациядан бас тартқан мекемелерге 2 500 евроға дейін айыппұл салынады.

Ресей COVID-19
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: