Қазақстанда коронавируспен ауырғандар үшін карантин мерзімі қысқаруы мүмкін

Сурет: Zakon.kz
ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова симптомсыз нысандағы коронавируспен ауыратын науқастар мен байланыста болған адамдар үшін карантинді қысқарту мүмкіндігі туралы мәселеге түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазір әлемде карантин мерзімі қысқаруда. Әзірге біз Бас мемлекеттік дәрігердің қаулы жобасына дейін байланыста болған және симптомсыз науқастар 10 күнге дейін карантинде болады деп қарастырып отырмыз.Айжан Есмағамбетова

Ол бұл ретте тестілеуді жетінші тәулікке өткізу және теріс нәтиже болған жағдайда 7 күннен кейін карантинді аяқтап, жұмысқа шығу құқығы берілетінін түсіндірді. Сонымен қатар, егер қандай да бір себептермен тестілеу жүргізілмесе, карантин 10 күн бойы сақталады.

Айта кетейік, елімізде КВИ науқастары үшін карантиннің жалпы белгіленген мерзімі бүгінгі күні 14 күн.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз