Балалардағы covid-19 бес айға дейін созылуы мүмкін

Сурет: pixabay
Даниялық ғалымдар балалардағы коронавирус бес айға дейін созылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Олар балалар арасында “ұзақ коронавирус” деп аталатын зерттеуден кейін осындай мәлімдеме жасады. Балалар мен жасөспірімдерде лонг-ковид алты айға жуық уақытқа жалғасуы мүмкін екендігі белгілі болды.

Зерттеуге 30 мың бала қатысқан. Мектеп жасына дейінгі балалар арасында (5 жасқа дейін) COVID-19 көріністері төрт аптадан астам уақыт бойы 17,6%, ал мектеп оқушылары арасында (6 жастан 17 жасқа дейін) 28,2% болды.

Бұл балалардың коронавирус инфекциясымен сырқаттанғанына ғана емес, сонымен қатар басқа да көптеген ауруларға немесе психологиялық факторларға байланысты екені айтылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адан Гебрейюс соңғы аптада әлемде 18 миллионнан астам коронавирус инфекциясын жұқтырғанын мәлімдеген еді.

Ол "омикрон" штамының әлемде жылдам қарқынмен тарала беретінін атап өтті.

Қазіргі уақытта өлім-жітім саны тұрақты болып отыр, бірақ біз "омикронның" денсаулық сақтау жүйелеріне әсері туралы алаңдаймыз.Тедрос Адан Гебрейюс

Өз кезегінде Ресейдің вице-премьері Татьяна Голикова Ресейде COVID-19 жағдайларының 60%-ы “дельта” штамына, 40%-ы “омикронға” тиесілі екенін атап өтті.

Қазақстан
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды