Иммунолог ревакцинация кезінде кімдерге екі дозаны қатар алуға болатынын айтты

Сурет: Zakon.kz
Кейбір адамдар ревакцинация кезінде вакцинаның екі дозасын салуды талап етеді. Алайда дәрігердің кеңесінсіз мұндай шешім қабылдауға болмайды, деп хабарлайды Zakon.kz

COVID-19-ға қарсы ревакцинация көп жағдайда бір компонентті препаратпен жүзеге асырылды. Екі компонентті вакцинаны кімге енгізуге болады және ол кімге қажет екенін иммунолог, И.И. Мечников атындағы ғылыми институттың зертхана меңгерушісі Михаил Костинов түсіндіріп берді, деп хабарлайды Sputnik радиосы.

Коронавирус инфекциясына қарсы алғашқы егу, әдетте, екі кезең арқылы жүзеге асырылады. Науқасқа вакцинаның екі компоненті COVID-19-ға қарсы күшті иммунитетті қалыптастыру үшін тағайындалады. Бұл жағдайда үдеткіш вакциналау немесе ревакцинация, әдетте бір компонентті препараттың көмегімен жүзеге асырылады.

Кейбір адамдар коронавирус инфекциясынан қорқып, вакцинаның екі дозасын қайта енгізуді талап етіп жатады, бірақ дәрігердің кеңесінсіз мұндай шешім қабылдауға болмайды, - дейді Костинов.

Мұны дәрігер адамның жасына, бойындағы дертіне және оның вакцинаға төзімділігіне байланысты анықтауы керек. Тек жеке дәрігер ревакцинация кезінде екі доза алуға рұқсат ете алады, тіпті ол адам алты ай бұрын екі дозаны алған болса да. Иммунолог Михаил Костинов

Екі компонентті ревакцинация, атап айтқанда, көбіне жүрек-тамыр, жүйке және эндокриндік жүйелерінде ауруы барларға тағайындалады, - дейді иммунолог.

Екі дозаны денсаулығы нашар адамдар алады. Яғни, қант диабеті, семіздік, жүрек ауруы, жүйке жүйесінің дерті, қатерлі ісіктің ремиссиясы жағдайында. Мұндай жағдайларда екі рет екпе салдырту ұсынылады, өйткені бір дозадан кейін иммунитет бірден қалыптаспайды.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды