Маңғыстауда дәрігерлер жасөспірімнің кеудесінен оқ алды

Маңғыстауда 16 жасар жасөспірімге ота жасалып, көкірек қуысынан пневматикалық қарудың оғы алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарды блогер Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, 19 ақпанда кеуде тұсына оқ тиген 16 жастағы жасөспірім Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілген. Куәгерлердің сөзінше, жасөспірім «Ақбота» саябағында орналасқан аттракциондардың бірінде (атыс тирі) жарақат алыпты.

22 ақпанда балалар ауруханасының дәрігерлері толық тексеруден кейін жасөспірімнің кеудесіндегі бөгде затты алу үшін күрделі ота жасады. Азамат Сәрсенбаев

Дәрігерлердің айтуынша, ота шамамен 40 минутқа созылған.

Балалар ауруханасындағы заманауи эндоскопиялық жабдықтың арқасында олар (дәрігерлер – ред.) күрделі отаны еш қиындықсыз жасай алды. Әйтпесе, дәрігерлер денедегі бөгде затты алу үшін кеудені ашуға тура келетінін айтып отыр. Қазір жасөспірімнің жағдайы жақсарып, ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Азамат Сәрсенбаев

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін облыстық полиция департаментіне хабарласқан еді.

Бұл факті бойынша полицияға ешкім хабарласқан жоқ. Ата-анасы ешкімнің үстінен арыз-шағым түсірмейтінін айтты. Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қазақстан Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: