Алматыда ЖРВИ мен тұмау жұқтырғандар көбейді

Суық тиіп ауыру, тұмаурату маусымы күзде басталып, әдетте көктемнің соңында аяқталады. Оның ішінде Алматыдағы ЖРВИ ауруына қатысты жағдайды санитар дәрігерлер айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылдың күзінде басталған қазіргі эпидемиялық маусымда Алматыда тұмаудың 51 жағдайы тіркелді. Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова тұмаудың А типі барлық науқастарда анықталғанын айтты.

51 жағдайдың ішінде үш адам ғана тұмауға қарсы егілген. Бірақ вакцинаны ауру қарсаңында алғандықтан иммунитет әлі қалыптаспаған.Әсел Қалықова

Бұл маусымда қарапайым жедел респираторлық аурулар да тарап жатыр.

Алматыда ауа райы жағдайларына, ауа температурасының біршама төмен болуына байланысты тұрғындар арасында жедел респираторлық вирустық инфекциялар жиілеп барады. Осы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда жедел респираторлық вирустық инфекциялар 28%-ға өскен. Көбіне 14 жасқа дейінгі балалар ауырады. Олардың саны барлық жағдайдың жартысынан астамына жетеді.Әсел Қалықова

COVID-19-ға келетін болсақ, қазір жұғу деңгейі төмендеді. Осыған байланысты карантин шектеулерін жеңілдетуге мүмкіндік туды. Бірақ маска тағып жүру сияқты кейбір ережелер әлі алынбады.

Қазақстандықтар Наурыз мейрамын үйде ғана емес, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізуге тиіс бұқаралық шараларда да тойлай алады. Алайда дәрігерлер мегаполис тұрғындары мен қонақтарын маска режимін назардан тыс қалдырмауды және карантин шараларын сақтауды сұрайды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: