Диетолог таңғы асқа көк-сөк, нан мен жұмыртқа жеуге кеңес береді

Сурет: pixabay
Диетолог Лиза Янг таңғы асқа ақуыздар, көмірсулар мен қандағы қантты төмендететін талшықтары бар тағамдарды тұтыну керек деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ИноСМИ" маман пікіріне сілтеме жасай отырып, ақуызға бай өнімдер ішінен йогурт, сүт және жұмыртқаға ерекше басымдық берілетінін хабарлайды. Көмірсулар мен талшықтар нан, жеміс-жидек пен көкөністерде көп кездеседі.

"Ақуыз көмірсулар мен талшықтарға қосылып, қандағы қант деңгейінің жоғарлауына жол бермейді. Ақуыздар глюкоза деңгейінің көтерілуінің алдын алады. Сонымен қатар, олар тоқ сезімді қамтамасыз етеді, демек бір сағаттан кейін ашыға қоймайсыз", – дейді дәрігер.

Зерттеуде көмірқышқылы бар тағамға дейін ақуызы бар ас пен көкөністерді тұтыну екінші типті қант диабеті мен семіздікке шалдыққан адамдарда глюкоза (37%) мен инсулин бөлінісінің деңгейін төмендетуге ықпал ететіні айтылады.

Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіп алғаныңыз абзал.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды