2021 жылдың қорытындысына сай 15-49 жас аралығындағы АИТВ-инфекциясының таралу деңгейі 0,29% болды. Бұл 2021 жылғы болжамнан төмен және «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының параметрлері шегінде 0,2-0,6% деңгейінде сақталды. Сонымен қатар кейінгі 10 жылда Нұр-Сұлтанда 15-49 жас аралығындағы тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясының таралуы 2,4 есеге артты.Нұр-Сұлтан қалалық АИТВ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Сәбит Әбдірайымов
Сәбит Әбдірайымов жаңа жағдайлардың орташа жылдық өсімі 18-19% болғанын қоса кетті.
Инфекция көбіне жыныстық жолмен тарайды. Таралуы бойынша жыныстық қатынас бұрынғыдай алда тұр: барлық жұқтыру жағдайларының 80%-ы. 17-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында да жұқтыру жағдайлары тіркеліп отыр. Орталықтың диспансерлік есебінде АИТВ жұқтырған 1643 адам тіркелген.Нұр-Сұлтан АИТВ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Сәбит Әбдірайымов
Орталықтың мәліметінше, АИТВ жұқтырғандардың ең жасы үш жаста, ал ең үлкені 78 жаста.