Toyota көлігі жаздық кафеге қойып кетті. Зардап шеккендер бар

Сурет: pixabay
Желіде Төле би – Әуезов көшелерінде жол апатынан зардап шеккендер туралы ақпарат пайда болды. Toyota Camry көлігі сыртта адамдар тамақтанып отырған жаздық кафеге қойып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір әйел зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты нақтылап, жол апатынан екі адам – ер адам мен қыз баланың зардап шеккенін жеткізді.

Зардап шеккендердің екеуін де жедел жәрдем бригадасы қалалық ЖШККА-ға бірден жеткізді. Травматолог пен нейрохирург оларды толықтай тексеруден өткізді. Ауруханаға жатқызатындай ауыр белгілер болған жоқ. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккендер тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Жол апаты 24 мамырда сағат 19:47-де орын алды. Toyota Camry және Volkswagen Polo көліктері соқтығысты. Осы кезде Toyota бар инерциясымен жаздық кафе орналасқан тротуарға қарай ұшып кетті. Volkswagen жүргізушісі көлігін тастап, оқиға орнынан кетіп қалды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі