Бұл күн барлық адамның, елдің назарын денсаулыққа үлкен зиян келтіретін және өлімге әкелетін темекі шегу проблемасына аударуға арналған.
Темекі эпидемиясы-халықтың денсаулығына елеулі қауіптердің бірі. Жыл сайын одан 8 миллионнан астам адам қайтыс болады. Олардың 7 миллионнан астамы-тұтынушылар мен бұрынғы темекі тұтынушылар, ал 1,2 миллионнан астамы — екінші темекі түтінінің әсеріне ұшыраған темекі шекпейтіндер, – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Темекі шегу терінің, тырнақтың, шаштың жағдайын нашарлатады, тістерді бұзады, ауыздан, киімнен жағымсыз иіске әкеледі. Темекі шегу өкпенің қатерлі ісігі, инфаркт сияқты өмірге сай келмейтін аурулардың дамуымен тікелей байланысты.
Жыл сайын бұл күні әртүрлі іс-шара өтеді: ашық есік күндері, акциялар, конференциялар, дәрістер, көрмелер, темекі шегудің зиянды әсері туралы халықтың хабардарлығын арттыруға және темекі шегуден бас тартуды насихаттауға бағытталған челлендждер.
31 мамырда Қазақстан бойынша Тараз, Түркістан, Семей, Павлодар, Екібастұз, Өскемен, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Жезқазған, Орал сияқты 10 қалада «Темекі туралы барлық шындық» интерактивті көрмесі өтеді. Көрмені ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалициясы, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық жастар денсаулығы орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырып жатыр.