Испанияда маймыл шешегін жұқтырудың 14 жаңа жағдайы анықталды

Сурет: pixabay
Испанияның Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегін жұқтырудың 14 жаңа жағдайы тіркелгенін хабарлады. Жалпы ел бойынша анықталған барлық жағдай саны - 156, деп хабарлайды Zakon.kz.

Карлос III атындағы Денсаулық институты 156 жағдайды растады, - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін билік анықталған 142 жағдай туралы хабарлаған.

Маймыл шешегі - сирек кездесетін вирус сипатындағы ауру, ол негізінен Африканың орталығы мен батысындағы ылғалды тропикалық ормандардың жанында орналасқан шалғай аудандарда кездеседі. Вирус адамға кеміргіштер мен приматтар сияқты жабайы жануарлардан беріледі, ал оның адамнан адамға жұғуы шектеулі сипатқа ие.

ДДСҰ маймыл шешегі індеті кезіндегі өлім-жітім коэффициенті 1%-дан 10%-ға дейінгі көлемді құрайды, ал өлімнің басым бөлігі жастардың үлесіне тиесілі екенін нақтылады.

Бұл аурудың нақты емі жоқ, оған қарсы вакцина да әзірленбеген. Бірақ қарапайым шешекке қарсы жасалған вакциналау осы аурудың алдын алуда жоғары тиімділік танытады.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз