Алматы қаласында серозды менингитке шалдығу төрт есеге өсті

Энтеровирустық инфекциялармен жапа шегушілердің көбіс 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар арасында кездеседі, жасы ұлғайған сайын бұл сырқатқа шалдығу ықтималдығы азаяды, өйткені инфекция қоздырғыштарын ағза қабылдамайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласында энтеровирустық этиологиядағы серозды менингитпен сырқаттанушылық бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда серозды менингитпен сырқаттанушылықтың 4,1 есе өсуі байқалады, делінген Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.

Ағымдағы жылдың басынан бері Алматы қаласында серозды менингиттің 157 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1% - ға артық болып табылады. 157 жағдайдан   49 жағдайда зертханалық растау алынды (2021 жылы – 2 жағдай): оқушылар арасында - 36,7%, ұйымдастырылмаған балалар арасында – 16,3%, МБҰ баратын балалар арасында – 42,9%, педагогтар - 2,0% және өзге контингенттер арасында – 2,0%.

Энтеровирустық инфекциялар-интоксикация синдромымен және әртүрлі клиникалық көріністермен сипатталатын энтеровирустар (ішек вирустары) тектес вирустардан туындаған аурулар тобы, олардың арасында серозды менингит жиі тіркеледі.

Энтеровирустардың таралу жолдары әртүрлі. Энтеровирустық инфекциялар көбінесенәжіс-ауыз қуысы арқылы - ластанған тағам өнімдері, көкөністер мен жемістер, су, әсіресе ашық су қоймаларында, хауыздарда шомылғанда;тұрмыстық жолмен- вирусты тасымалдаушымен тікелей қарым-қатынаста болу, немесе үйде қолданылатын ластанған заттар арқылы;ауа-тамшылары арқылы- (жөтелгенде, түшкіргенде сілекей тамшылары, қақырық) арқылы беріледі.

Энтеровирустық инфекциялармен жапа шегушілердің көбіс 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар арасында кездеседі, жасы ұлғайған сайын бұл сырқатқа шалдығу ықтималдығы азаяды, өйткені инфекция қоздырғыштарын ағза қабылдамайды. Бір жасқа дейінгі сәбилер арасында жұқпа ауыр түрде өтеді.

 Алматы қалалық СЭБД аурудың мынандай белгілері барын ескертеді:

 

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: