Гастроэнтеролог тамақтанып алғаннан кейін жата кету неге қауіпті екенін айтты

Сурет: pixabay
Гастроэнтеролог дәрігер тамаққа әбден тойып алып, жата кету, онда да ыңғайсыз жату ас қорыту жүйесінің бұзылуына ұрындыруы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гепатолог Наталья Марченко Sputnik радиосына берген сұхбатында асқазанның қыжылы, іштің кебуі немесе іш ауыруы қарынды тойдырып алып, ыңғайсыз қалыпта жата кетудің салдарынан болуы мүмкін екенін ескертеді.

Егер тамақ ішкен соң 1,5 сағат бойында жата кетіп немесе еңкейіп отырсаңыз, онда тамақ пайдаға емес, зиянға айналады, - деді Марченко.

Сарапшының айтуынша, асқазан-ішек жолдары ауруына шалдыққан науқастарға тамақтан кейін жатпау өте маңызды.

Дені сау адамдардың өзінде бұл ыңғайсыздықты тудыруы мүмкін, ал асқазан-ішек ауруларына шалдыққандарда тамақтанғаннан кейін жата кету диспепсиялық синдромға әкеліп соғады. Дәрігер-гастроэнтеролог, гепатолог Наталья Марченко

Тамақтану кезінде дәрігер тамақты жақсылап шайнауға кеңес береді, өйткені мұны неғұрлым мұқият жасасаңыз, тамақ сілекеймен жақсы байланысып, ас қорыту процесінде оңай сіңеді.

Сонымен қатар, тамақтанғаннан кейін аяғыңызды қысып немесе құшақтап отырмаңыз. Дәрігер тағамды қойыртпақ болғанша шайнау керектігін баса айтты.

Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіп алғаныңыз жөн.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді