Отырып істейтін жұмыс - омыртқаға түсетін артық салмақ. Бірінші кезекте мұндайда омыртқа зардап шегеді. Омыртқаның бұлшықеттерінде тұрақты сығым пайда болуы мүмкін. Бұл ауырсынуға және остеохондроздың дамуына әкелетін омыртқадағы қабыну өзгерістерін танытады, деп келтіреді Ura.ru ревматолог-дәрігердің сөзін
Сарапшының пікірінше, остеохондроз – бұл әртүрлі жағдайларды қамтитын құрама ұғым, мысалы, дискілердің зақымдануы мүмкін. Егер адам күніне сегіз сағат бір жерде тапжылмай отырса, оның салдары осыған әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар дәрігер кеңсе қызметкерлерінде остехондроз әдетті ауруға айналатынын айтады. Остеохандароз – бұл омыртқа дискілерінің қоректенуі төмендеп, қан айналымының өзгеруінен пайда болатын ауру. Яғни, омыртқааралық шеміршек шеңберлерінің (диск) созылғыштығы әлсіреп сызаттар түседі, бертін келе сүйектік ұлпаға айналады.
Осының бәрін болдырмас үшін ревматолог кеңсе қызметкерлеріне мезгіл-мезгіл компьютерден тұрып, бірқатар гимнастикалық жаттығулар жасауға кеңес береді. Мысалы, әр сағат сайын бір рет тұрып, еңкейіп, отырып-тұрып жаттығу жасауға болады.
Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептіге теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіп алғаныңыз жөн.