Шалғайдағы елді мекендерде дәріхана пункттері пайда болады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексіне өзгерістер енгізіледі. Енді Қазақстанның шалғайдағы ауылдарында дәріхана пунктері пайда болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту және шалғайдағы ауылды елді мекендерде және ауылдық денсаулық сақтау объектілерінде дәрі-дәрмектерге қолжетімділік деңгейін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды.

Кодекске енгізілген өзгерістер ауыл тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қолжетімділікті арттырады және оларды сатып алу үшін ірі елді мекендерге баруға қатысты шығынды азайтады. Дәріханалар жоқ ауылдық елді мекендердегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар медициналық-санитариялық алғашқы, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері немесе жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізіледі. Денсаулық сақтау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар дәрілік саясатты жетілдіру бойынша одан әрі шаралар қабылдайды, – делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, статистикалық деректерге сәйкес қазір Қазақстан халқының шамамен 40%-ы ауылды жерлерде тұрады. Ал әр үшінші елді мекенде дәріхана жоқ.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру тәртібі өзгерді

Пробация инспекторлары ес-түссіз жатқан сотталған азаматтың өмірін сақтап қалды

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен: Алматы облысындағы ХҚКО қызметкеріне қатысты дау