Ажар Ғиният бірінші жартыжылдықта елде жалпы өлім-жітім 10 пайызға азайғанын атап өтті.
Нәресте өліміне келетін болсақ, 2014 жылдан бастап қарасаңыз, соңғы 10 жылда нәресте өлімінің көрсеткіші құбылмалы болды. Ал 2014, 2015 жылдары күрт өсу байқалады. Кейінгі жылдары төмендеп, 2019 жылы қайта өсті. Ол ананың денсаулығымен байланысты, өйткені нәресте өлімі бір жасқа дейінгі өлім болып саналады. Нәрестелердің көпшілігі перинаталдық себептерден өледі. Бұл балалардың белгілі бір аурумен туатынын білдіреді. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният
Оған себеп, оның айтуынша, өткен ғасырда салынған перзентханалар мен перинаталды орталықтардың материалдық-техникалық базасының ескіруі.
Елбасының қолдауымен, оның тапсырмасымен үкімет енді жаңа перинаталдық орталықтар салып, барлық перзентханаларда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Ажар Ғиният