Алматыдағы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Иран Шаметеков тағайындалды

Сурет: Facebook/Иран Шаметеков
20 маусымда Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаевтың қызметінен кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы болып Иран Шаметеков Маратұлы тағайындалды. Конкурстық комиссияның шешімі қала әкімдігінің сайтында жарияланды.

Иран Шаметеков Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын 2000 жылы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірген.

2000-2001 жылдары БҚО медицина академиясында "Хирургия" мамандығы бойынша интернатурадан өтті.

2006 жылы Д.А. Қонаев атындағы университеттің "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдады. "Құқықтану бакалавры" академиялық дәрежесі берілді.

Философия және қоғамдық денсаулық сақтау докторы ғылыми атағы бар.

Еңбек жолын 2001 жылы Байқоңыр қалалық ауруханасының қабылдау бөлімінің хирург-дәрігері болып бастады.

Әр жылдары медициналық мекемелер мен мемлекеттік органдарда жұмыс істеді. 2019 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Иран Шаметеков Нұр-Сұлтандағы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді.

ҚДСБ басшысы лауазымы байқауына үш үміткер қатысты.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты