Теңіз кен орнында жұмысшылар жаппай астан уланды

Сурет: Zakon.kz
Атырау облысында Теңіз кен орнында жұмысшылар жаппай уланды. Ақпаратты облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен «Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметтері растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәлімдеуінше, 20 шілдеде Isker мердігер компаниясының 11 қызметкері Жылыой орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Диагноз – тағамнан улану. Жағдайы орташа. Олардың барлығы «КазПромСтрой Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты асханадан тамақтанған, – деп жауап берді ведомство Zakon.kz тілшісінің сауалына.

Сондай-ақ облыстық СЭБД қоғамдық тамақтану орнында сынамалар алынып, Ұлттық сараптама орталығына тексеруге жіберілгенін атап өтті.

Жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр. Атырау облысы бойынша СЭБД баспасөз қызметі

Жаппай улану туралы ақпаратты «Теңізшевройл» компаниясы да растады.

20 шілдеде Теңіз кенішіндегі Isker мердігер компаниясының бірнеше қызметкерінен тамақтан улануға тән белгілер анықталды... Мердігер компания басшылығы жұмысшыларына қажетті медициналық көмек көрсету үшін қажетті шараларды қабылдады. «Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметі
Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды