Нұр-Сұлтанда салмағы 6 келіге жуық сәби дүниеге келді

Сурет: Instagram/mgb3.nursultan
Туған кездегі сәбидің бойы - 63 см. 30 жастағы елордалық келіншектің бұл отбасындағы үшінші баласы. Кішкентай батырды үйде әпкесі мен ағасы асыға күтіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық №3 көпбейінді аурухананың перзентханасында салмағы 5,8 келі болатын сәби дүниеге келді.

Медбикелер Исатай батыр деп еркелетіп атап кеткен сәби 4 тамызда дүниеге келді. Анасы баласын жүктіліктің 39 аптасында өзі - табиғи жолмен босанды.

Қиын болды. Қалай дегенмен де дәрігерлерге ризамын. Көптеген маман қасымнан табылып, қолдау көрсетті, жағдайымды бақылап отырды. Тіпті босану бөлімінің және босанғаннан кейінгі бөлімнің меңгерушілері де келіп, мені қарап жүрді. жаңа туған нәрестенің анасы

Жаңа туған сәби мен оның анасы өздерін жақсы сезінеді және жақын күндері үйге шығады.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз