Павлодар облысында 26 адам бруцеллезбен ауырды

Барлық жағдайда адамдар ауыл шаруашылығы жануарларынан жұқтырған. Санитарлық дәрігерлер шикі сүтті, нашар пісірілген немесе қуырылған етті, өңделмеген ірімшіктер мен ақ ірімшіктерді қолданбауға кеңес береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бұл жолы өткен жылмен салыстырғанда 6 жағдайға көп, деп хабарлайды Pavlodarnews.

Аурудың жоғарылауы Павлодар, Екібастұз, Ақтоғай, Ертіс, Май, Успен және Аққұла ауданында байқалады.

Бруцеллез – тірек-қозғалыс жүйесін, жүйке және ұрпақты болу жүйелерін және басқа да мүшелерді зақымдайтын ауыр жұқпалы ауру. Алғашқы күндерде науқастың температурасы көтеріледі, қалтырау, тершеңдік, әлсіздік пайда болады, тәбеті жоғалады. Содан кейін бас ауруы, ұйқысыздық, безгек пайда болады.Павлодар облысы бойынша ДСЭК

Уақытылы емделмеген жағдайда ауру созылмалы болып, мүгедектікке әкелуі мүмкін. Инфекция өте оңай жүреді, патоген зақымдалған тері, ауыздың, мұрынның және көздің шырышты қабаттары арқылы енеді. Бруцеллалар тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары арқылы ауру жануарларды ұстайтын үй-жайларды тазалау кезінде, олардың жүні мен терісін жинағанда шаңды жұту арқылы ағзаға енеді. Адамдар үшін ең қауіптісі – төлдеу кезіндегі ауру жануарлар. Мұндай кезде сыртқы ортаға микробтардың көп мөлшері бөлінеді.

Павлодар облысы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары профилактикалық шараларды ұстануды ұсынады: ауылшаруашылық жануарларын күту кезінде жеке қорғаныс құралдарын, яғни қолғаптарды, респираторларды, арнайы киімдерді қолданыңыз, жұмыс аяқталғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуыңыз.

Сонымен қатар малды бруцеллезге қарсы жыл сайынғы екпеден қалыс қалдырмау, мал бағып отырған жұмысшылардың міндетті түрде медициналық тексеруден өтуі маңызды. Оған қоса ет пен сүт өнімдерін қатаң белгіленген орындардан: рұқсат етілген базарлардан, дүкендерден немесе супермаркеттерден сатып алу маңызды. Ет немесе сүт сатып алғанда өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап ету қажет.

Павлодар Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: