Қазақстандықтар медицина қызметіне көбірек шағымдана бастады

Сурет: pixabay
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазақстандықтар тарапынан медицина қызметіне шағымдардың көбейгені туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне келіп түскен арыз-шағымдарды талдау тұрғындардың медициналық көмек көрсету сапасына қатысты шағымдарының азайғанын емес, кей жағдайда артқанын көрсетеді. Мысалы, қазіргі кезеңде 2,8 мың өтініш түскен. 30%-дан астам жағдайда фактілер расталады.Жандос Бүркітбаев

Оның айтуынша, 26 тамызда Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде тұрғындардың медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдарының себептеріне талдау жасалған.

Өңірлердің дәлелді шағымдар бойынша рейтингісінің қорытындысы бойынша қолайсыз өңірлер анықталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шұғыл шаралар қабылдау және пациенттерді қолдау қызметінің "осында және қазір" мәселелерді шешу қағидаты бойынша жұмысын күшейту тапсырылды.

Сонымен қатар Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі/МӘМС аясында көрсетілетін медицина қызметтерінің сапасы талданды.

Мемлекеттік міндетті медициналық сақтандыру және ілеспелі аурулар комиссариаты шеңберінде медициналық қызметтерге шағымдар саны 1,7 есеге – 6,5 мыңнан 11,1 мыңға дейін өсті. Сонымен 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 11 мыңнан астам адам жүгінген. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына сапасыз медициналық қызмет көрсетуге, медициналық қызмет көрсетуден бас тартуға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге шағымданған. Шағымдардың 80%-ында медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымдар басшылығы арасындағы байланыс нашарлығы себеп болып отыр.Жандос Бүркітбаев

Ол емделушілерге қолдау көрсету қызметтерінің жұмысын медициналық ұйымдардың басшылығы да, денсаулық сақтау басқармалары да дұрыс бақылай алмайтынын қосты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты