Қазақстанда 3 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталады

Сурет: Zakon.kz
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2022 жылдың 19 қыркүйегінде "2022-2023 жылдарға арналған тұмау мен ЖРВИ бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы" Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты қалалар мен облыстардың әкімдіктеріне медициналық ұйымдарды 2022 жылдың 3 қазанынан бастап тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге дайындау тапсырылды.

Сонымен қатар, мынандай талаптар қойылады:

Сондай-ақ ірі кәсіпорындармен жұмыс берушілердің қаражаты есебінен қызметкерлерді тұмауға қарсы вакцинациялау бойынша белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Қаулы 2022 жылдың 21 қыркүйектен бастап күшіне енді.

2022 жылдың 9 қыркүйегінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде ЖРВИ және тұмауға қатысты эпидемиологиялық маусымның басталуға жақын екенін, осыған байланысты оның алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Бюджет есебінен тұмауға қарсы вакцинаның 2,3 млн дозасы сатып алынды. 20-25 қыркүйекке дейін еліміздің түкпір-түкпіріне вакциналарды жеткізу аяқталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды