Денсаулық сақтау министрі ауыл дәрігерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды

Сурет: akorda.kz
Қазақстанның ауылдарында жоғары білікті дәрігерлер жетіспейді, жоғары оқу орындарын бітіргендер жалақының аздығынан өңірлерге барғысы келмейді. Осыған орай Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауылдағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көбейтуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, ауыл дәрігерлерінің жалақысын арттыру медицина қызметкерлерінің тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі.

Пандемия кезінде дәрігерлердің жалақысы көтерілген кезде біз жұмысшы тапшылығын сезген жоқпыз. Сондықтан, әсіресе, ауылдардағы дәрігерлерге әлеуметтік қолдауды күшейтуіміз керек. Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет, – деді Ажар Ғиният Мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, жыл сайын Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарын 3 мыңға жуық түлек бітірсе, оның 50 пайызы әкімдіктердің гранттары бойынша оқиды. Денсаулық сақтау министрлігі басшысы атап өткендей, университетті бітіргеннен кейін түлектер грантты үш жыл еңбекпен өтеу керек, бірақ бұл норма толыққанды жұмыс істемейді.

Көптеген жас мамандар осы бөлінген қаражатты төлеп, басқа өңірлерге кетіп жатыр. Ал, ауылдарда 1000 дәрігер жетіспейді. Ажар Ғиният

Бұдан бөлек, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауылдарда сәби өлімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,6 пайызға артқанын, ал ауылдағы бала өлімі қаламен салыстырғанда 38,7 пайызға төмен екенін айтты.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді