10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні

Бұл күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясының бастамасымен белгіленген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күнін өткізудің негізгі мақсаты - барлығына психикалық денсаулық проблемаларын еске түсіру және психикалық денсаулықты нығайтуға қоғамның күш-жігерін жұмылдыру.

Биылғы күннің тақырыбы - "Жаһандық басымдық ретінде барлығының психикалық денсаулығы мен әл-ауқаты". "Қабырғасыз" атты кіші тақырып психикалық ауытқулары бар адамдарды стигматизациялау мен кемсітуді жеңуге бағытталған.

Ресми статистикалық деректер бойынша, республикада 300 323 пациент динамикалық бақылауда. 2021 жылы психикалық ауытқулары бар 9 918 пациент және тәуелділігі бар 13 361 пациент есепке алынды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, психикалық денсаулық саласында мамандандырылған көмекті 2 республикалық, 17 өңірлік психикалық денсаулық орталығы (облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда бір-бірден), 83 бастапқы психикалық денсаулық орталығы (қалалық емханалар жанында), 192 кабинет (аудандық емханалар жанында) көрсетеді.

Биыл республикада MhGAP бағдарламасы (психиатриялық емес бейіндегі мамандардың сауатын арттыру) және эмоционалдық жеңіп шығу бағдарламасы енгізіліп жатыр. Психикалық денсаулық сақтау қызметінің виртуалды Call-орталығын құру және ДДҰ-ның дестигматизация бағдарламасын енгізу жоспарланып отыр.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: