Алматы облыстық ДСБ басшысы жол апатынан зардап шеккен оқушылардың жағдайымен танысты

Сурет: Алматы облыстық ДСБ баспасөз қызметі
26 қарашада Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков Алматы өңірлік балалар клиникалық ауруханасына барып, жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігерлер 9,10, 12 жастағы үш баланың жағдайы ауыр деп бағалайды, тағы бір баланың денсаулық жағдайы орташа ауырлыққа жатқызылған.

Бүгінгі таңда жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен үш баланың жағдайы ауыр. Олар жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. 13 жасар қыздың жағдайы орташа ауыр күйде. Ол аурухананың травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Балалардың жағдайы басқарма тарапынан жіті бақылауға алынған, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Аурухана қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген, - деді басқарма басшысы Өмірзақ Ниязбекұлы.

Айта кетсек, Алматы облысында Алматы - Өскемен республикалық маңызы бар тас жолдағы ақылы өткел тұсында орын алған жол-көлік оқиғас кезінде ақылы 9-10 жастағы 5 бала зардап шекті.

Іле ауданында оқыс оқиға салдарынан зардап шеккен 4 оқушы Алматы өңірлік балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта 4 бала ауруханада дәрігерлердің бақылауында, тағы бір оқушыға оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілген.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі