Дәрігер тұмау кезінде қандай тағамдар жеуге болмайтынын айтты

Сурет: pixabay
Диетолог Михаил Гинзбург тұмауратқан кезде ас мәзірінен тәттілерді, қуырылған ет, салқын сүт пен балмұздақты алып тастау керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Диетологтың айтуынша, суық тиген кезде қуырылған еттен бас тарту керек.

"Адам, әрине, оны жегеннен қайтыс болып кетпейді, бірақ ол тұмау кезінде ауыр тағам болып есептеледі. Салқындатылған тағамдар, балмұздақ жеудің, салқын сүт ішудің қажеті жоқ", – деді дәрігер.

Оның айтуынша, ауыр тамақ ауру және әлсіреген денеге ауыртпалық түсіреді, соның салдарынан инфекциямен күресуге күш қалмайды. Салқын және қант қосылған тағамдар тұмауды күшейте түседі.

Гинзбург сырқаттанған кезде жеңіл тамақ жеуге кеңес берді: ол жақсы сіңеді және денсаулықты қалпына келтіруге ықпал етеді. Сонымен қатар мәзірде жұмыртқа, жарма, жеміс-жидектер, сондай-ақ тәтті жеміс сусындары болуы керек, деп жазды "Мәскеу 24".

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі