Әкімдіктің мәліметінше, қазір Медеу ауданында 5 денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. Медициналық инфрақұрылымды дамыту туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтқан. Дәлірек отбасылық-дәрігерлік амбулатория, емхана, жедел жәрдем подстанциясы, аурухана салу туралы сөз қозғалды.
Биыл мына медицина орталықтары пайдалануға беріледі:
Кеңсай шағын ауданында жыл соңына дейін жобалық қуаты күніне 120 келушіге арналған жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға беріледі.
Көлсай мен Сұлусай шағын аудандарында жыл соңына дейін демеушілік қаражат есебінен фельдшерлік-амбулаториялық пункттер ашу жоспарланып отыр.
Алатау шағын ауданындағы мемлекеттік аурухананың аумағында модульдік компьютерлік томография орталығы салынуда. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар №4 және №10 жедел жәрдем подстанцияларының жаңа ғимараттарын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жобалау-сметалық құжаттама 2023 жылдың IV -ші тоқсанында аяқталады.
Думан шағын ауданында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын жаңа заманауи емхананы салу жоспарланып отыр. Қазір жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Аяқталу мерзімі - 2023 жылдың IV тоқсаны.
Қала әкімдігі "Шығыс қақпасы" полиорталығының аумағында онкологиялық орталығы бар 250 төсектік онкологиялық орталық салу бойынша ауқымды жобаны іске асыруды жоспарлады.