Шымкентте былтыр қыркүйекте босанған әйел әлі комада жатыр

Сурет: pixabay
Шымкенттегі перзентханада 2022 жылғы қыркүйекте босанған әйел ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 жастағы Луиза Атажанова 3 айдан бері ауруханада жатыр. Туыстары "23 қыркүйекте үшінші сәбиін босануға келген қызымыз бір өлімнен қалды" дейді. Олардың айтуынша, әйелге ешкімнің рұқсатынсыз  кесар тілігін жасаған. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

"Бұлардың не істегенін білмеймін, кесар тілігін істеп, комаға түсіп кетті. Жүрегі тоқтап қалды деді. Мұның бәрі - бәрі дәрігерлердің ісі. Келінім ойнап-күліп жүрген, бір рет ауырмаған. Өз аяғымен кірді".  Мухаббат Әбдірахманова, Луиза Атажанованың енесі

Туыстарының сөзінше, Луиза Атажанова қырық күн комада жатқан. Кейін есін жиған, бірақ әлі халі нашар екен. 

Ал перзентхананың бас дәрігері кесар тілігін жасауға баланың жағдайы себеп болғанын айтады.

"Операциядан кейінгі кезеңде пациенттің бүкіл денесінде кенеттен аллергиялық реакция, гипотензияға әкелген анафилактикалық шок болған, жүрек қызметі тоқтаған. Жүрек-өкпе реанимациясы толық көлемде, уақытылы жүргізіліп, жүрек қызметі 5 минутта қалпына келтірілген. Денсаулық сақтау басқармасының жіті бақылауында. Астананың ұлттық координациялық жедел медицина орталығының мамандарының қатысуымен телемедицина арқылы бірнеше рет кеңес өткізілді. Қазір ана мен бала дәрігерлердің жіті бақылауында".  Мәдина Кенжебаева, қалалық перзентхананың бас дәрігері
Шымкент
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты