Хирургтар тіс шұқығышты жұтып қойған адамды құтқарды

Сурет: pixabay
Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына іштің қатты ауыруы мен әлсіздігі бар 54 жастағы ер адам жатқызылды. Ол 4 күн бойы ауырған, бірақ дәрігерге жүгінбеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хирургиялық бөлімшенің меңгерушісінің бастамасымен хирург дәрігерлер науқасқа компьютерлік томография жүргізді. Суреттерде науқастың іш қуысында тұрып қалған тіс шұқығыш табылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, "бөгде затты алып тастау" әдісі бойынша шұғыл лапароскопиялық операция жасалды. Операция кезінде ұзындығы 4 см және диаметрі 2 мм ұзын жіңішке ағаш таяқша (тіс шұқығыш) алынды. Сәтті жүргізілген операциядан кейін науқас есін жиып, бірнеше күн бұрын қазы жегенін айтты. Ол етпен бірге тіс шұқығыш өңешке түскенін байқамаған болуы керек.

Қыс мезгілі "соғым уақыты" болғандықтан дәрігерлер ет жеген кезде өте сақ болу керек екенін ескертеді. Сонымен қатар айқын ауырсыну белгілері бар болған кезде уақытылы медицина көмегіне жүгіну маңызды.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді