Алматы облысында ер кісінің асқазанынан қасық шықты

Cурет: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Қонаев қаласының қалалық көпбейінді ауруханасында хирург дәрігерлер 43 жастағы ер адамның асқазанынан ас қасық алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медициналық мекеменің хирург дәрігері Тахир Закірұлы Шкурәлиевтің айтуынша, мұндай жағдайлардың диагностикасы рентгенографиялық қарауға, эндоскопиялық зерттеуге негізделген. Емдеу кезінде күту тәсілі қолданылуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда эндоскопиялық алу қолданылды.

"Уақтылы диагноз қойылмаған жағдайда қабыну процесі, бөгде заттың айналасындағы инфильтрат, оның іріңдеуі, жылжуы, сонымен бірге ішектің бітелуі немесе перитониті бар перфорация пайда болуы, бұл өлімге әкелуі мүмкін". Тахир Зәкірұлы

Болжам бұл жағдайда заттың сипаттамасымен және медициналық көмек көрсетудің уақтылығымен айқындалады. Бүгінде пациент өзін қанағаттанарлық сезінеді және бөгде затты ол әдейі енгізгенін мойындайды.

Пациент Қонаев қалалық көпбейінді ауруханасының заманауи емдеу әдістерін қолданатын, сондай-ақ пациенттерді емдеуде инновациялық тәсілдерді енгізетін дәрігерлеріне өмірін сақтап қалғаны және жылдам, кәсіби, сапалы жұмысы үшін алғыс білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілерді тағайындады: олар туралы не белгілі