ДДҰ: Дүниежүзінде кейінгі бір айда коронавирус жұқтырғандар саны күрт айзайды

ДДҰ дүниежүзінде кейінгі бір айда коронавирус жұқтырғандар саны күрт айзайғанын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кейінгі 28 күнде COVID-19 жұқтырғандар саны оған дейінгі 28 күнмен салыстырғанда 89% азайған.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) хабарлады.

Сонымен бірге, ұйымның мәліметінше, осы аралықтағы өлім дерегі де 62% азайған.

"Дүниежүзінде кейінгі 28 күнде (23 қаңтардан 19 ақпанға дейін) шамамен 5,3 миллион жаңа дерек және 48 мыңнан астам өлім тіркелді, бұл алдыңғы 28 күнмен салыстырғанда  89% және 62% аз", - делінген ДДҰ-ның кейінгі эпидемиологиялық қорытындысында.

22 ақпандағы жағдай бойынша дүниежүзінде 757 миллионнан COVID-19 жұқтырып, оның 6,8 миллионы қайтыс болған.

Қазастанның денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 22 ақпандағы мәліметінше елде 1 407 441 адамнан коронавирус анықталған, 13 846 қайтыс болған. Ал 90 828 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырып, 5 410-ы қайтыс болды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: