Қызылордада ұлы өз әкесін пышақтады

Baq.kz
Сотталушыға төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғыны өз әкесін пышақтады, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Қазалы аудандық соты баспасөз қызметінің өкілі Ақылбек Қазыбековтің айтуынша, қылмыс биыл 11 ақпанда сағат 21:00 шамасында болған.

«Әкесі, яғни жәбірленуші үйіне келгенде баласы оған «Сен неге іше бересің, арақты қашан қоясың?» деп кейіген. Ал әкесі болса ұлының жағасынан ұстап, балағаттап, кеудесінен итеріп жіберген. Баласы сол сәтте еденге құлайды. Сосын жанында тұрған шай ішетін үстел үстіндегі тұрмыста қолданылатын асхана пышағын алып, әкесінің сол жақ жауырынының астына тығып алады. Абырой болғанда, жәбірленуші аман қалды. Бұл денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген қылмыс болып саналады», - дейді А.Қазыбеков.

Қылмыстық істі қараған судья Дәурен Әбдіхалықовтың айтуынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен айыпталған күдікті кінәсін толық мойындады. Ол Қылмыстық-процестік кодексінің 615, 616-баптарына сәйкес, Қазалы ауданының прокурорымен кінәні мойындау туралы процестік келісім жасаған.

«Сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - дейді Дәурен Әбдіхалықов.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды