Қызылордада жігіттің өліміне қатысты іс тергеліп жатыр: туыстары шабуылға 12 адам қатысқанын айтады

Нападение с ножом, поножовщина, нож, ножевое ранение, ножевые ранения, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2026 10:56 Фото: unsplash
Қызылордада жергілікті тұрғынның өліміне байланысты үш күдікті ұсталды. Марқұмның әпкесі төбелеске 12 адам қатысқанын айтып, істің жан-жақты тергелуін талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марқұмның әпкесі Анастасияның айтуынша, қайғылы оқиға 2026 жылғы 8 қазанда дәмхана маңында болған.

"Біздің мәліметіміз бойынша, шабуылға 12 адам қатысқан. Інімді топ болып ұрған, соққы жүрек тұсына тиген. Алайда қазір тек үш адам ұсталды. Бізге белгілі болғандай, тергеу барысында оны тек үш адам ұрған деген нұсқа қарастырылып жатыр. Ал шабуылды 12 адам жасағанын айтатын куәгерлер бар. Мен 12 адамның бәрі бірдей кінәлі деп отырған жоқпын. Бірақ әрқайсысының әрекеті мұқият тексеріліп, куәгерлердің сөзі ескерілгенін және осы ауыр қылмысқа қатысы бар ешкім тергеу назарынан тыс қалмағанын талап етемін", – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Марқұмның әпкесі Бас прокуратураға, Ішкі істер министрлігіне, прокуратура мен полицияға үндеу жасап, тергеуді ерекше бақылауға алуды, барлық куәгердің айғақтарын тексеруді, шабуылға қатысқандардың әрқайсысының әрекетін анықтап, оқиғаға объективті құқықтық баға беруді сұрады.

Өңірлік полиция департаменті бұл жарияланымға жауап берді.

"8 қазанда Қызылорда тұрғынының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Осы оқиғаға қатысты үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген барлық бейнежазба зерттелді. Оқиғаға басқа адамдардың ықтимал қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша іске қатысы бар әр адамның рөлі мен қатысу дәрежесіне құқықтық баға беріледі. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды. Істің тергелуі полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", – деп мәлімдеді Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 26 қазанда.

2026 жылғы 26 қазанда Қызылордада жасөспірімнің бұрауышпен өлтірілгені туралы ақпарат тараған болатын. Полиция кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сондай-ақ күдіктінің кәмелетке толмағандарды уақытша бейімдеу облыстық орталығына орналастырылғанын мәлімдеді.

Бұдан бөлек, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша да қылмыстық іс тіркелгені айтылды.

Марқұмның әпкесі әлеуметтік желіде жариялаған мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 21 қазанда Қызылорданың орталық алаңында болған. Оның айтуынша, марқұм жасөспірім мен 13 жастағы танысының арасында 1 000 теңгеге байланысты жанжал туындаған. Жанжал кезінде жасөспірімнің кеуде тұсына бұрауыш сұғылған. Ол оқиға орнында көз жұмған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: