Ақмола облысында студент өліміне қатысты іс сотқа жіберілді

Ақмола облысында студент өліміне қатысты іс сотқа жіберілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2024 14:33 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында жұмбақ жағдайда қаза болған студент өліміне қатысты іс сотқа жіберілді. Полицейлердің мәліметінше, 11 адам күдікті деп танылған.

Олардың ішінде кәмелет жасқа толмаған бала бар. Күдіктілерге өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді және ақша бопсалады деген айыптар тағылып отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын "Бурабай-Жамантұз" курорты аралығындағы теміржол рельстерінен 19 жастағы Роман Бодаговтың денесі табылған болатын.

Қайтыс болған студенттің ата-анасы, одан бәзбіреулер ақша бопсалағанын айтып, арыз жазған еді.

Кейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен жедел-тергеу тобы құрылып, ішкі істер министрлігі екі қылмыстық іс қозғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: