Алматыда бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты

turkystan.kz
Жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде (қоныс колониясы) өтейді.

Алматы қаласының Әуезов аудандық соты 23 жастағы қызды қағып өлтірген автобус жүргізушісі Әнуар Жәнібековке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот үкімі бойынша, Жәнібеков ҚР ҚК 345-бабының, 3-бөлігімен айыпты деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде (қоныс колониясы) өтейді.

Сондай-ақ ол 4 жылға көлік айдау құқығынан айырылды.

Адам өліміне алып келген жол апаты 18 сәуір күні таңертең орын алған. Қыз жолдан өте бергенде оны автобус қағып кетеді, бейнежазбаларға қарағанда, автобус қызыл түске жүріп өткен. Күдіктінің өзі жасыл түске өткенін айтқан болатын. Тергеу амалдарына байланысты автобус жүргізушісі қамауға алынды. Істі қарау барысында ер адамның жәбірленушінің туыстарымен келісімге келгені белгілі болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды