ОҚО-да жеңіл көліктің жүргізушісі көлікте жанып кетті

otyrar.kz
Куәгерлерінің сөзінше, жол апаты орын алғанда қатты соққыдан Ауди көлігі өртеніп кеткен.

Түркістанда жүк көлігі мен Ауди машинасы соғысып, жеңіл көліктің жүргізушісі көлікте жанып кетті. Тағы төрт жолаушы қалалық ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды otyrar.kz.

Оқыс оқиға 4-ші маусым күні түнгі сағат 22.35-тер шамасында болған. Куәгерлерінің сөзінше, жол апаты орын алғанда қатты соққыдан Ауди көлігі өртеніп кеткен. Салдарынан жойқын жарылыс болған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы Түркістан қаласындағы Бекзат Саттарханов даңғылында орын алған.

«Жол апаты кезінде Ауди жеңіл көлігі мен жүк көлігі соқтығысқан. Өрт 10 минутта оқшауланып, 20 минуттың ішінде толық сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда», — делінген хабарламада.

Ал, дәрігерлердің айтуынша, көлік оқиғасынан зардап шеккендер орташа жарақат алған.

«Төрт науқас (екі əйел мен екі жеткіншек) Түркістан қалалық орталық ауруханасына жеткізілген. Жағдайлары орташа. Ауыр емес» — делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді