Алматыда жол апатының салдарынан Infiniti көлігі арыққа ұшып кетті

www.zakon.kz
Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, қатты жылдамдықпен келе жатқан жүргізуші рөлге ие бола алмаған.

Алматы қаласындағы Достық даңғылында ірі жол апаты орын алды деп хабарлайды zakon.kz.

Mercedes автокөлігі Достық даңғылымен жоғары жүріп келе жатқан, ал жолдың қарсы бетінде Infiniti автокөлігі төмен түсіп келе жатқан.

«Горный Гигант» бұрылысына жеткен тұста жылдамдықты асырған Infiniti жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, көлікке ие бол алмай қалған.

Екі көлік бүйірімен соғысқан. Infiniti көлігі алдымен жолдың жиегіне шығып, артынша арыққа түсіп кеткен.

Infiniti көлігіндегі жүргізуші де, жолаушыда зардап шекті. Жедел жәрдем екеуін де ауруханаға алып кетті.

Жол апатының орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды