Павлодарда 20 жастағы жігітті темекі үшін пышақтап тастаған

Baq.kz
Ол пышақ жарақатынан жедел жәрдем машинасында көз жұмды

Қайғылы оқиға 22 маусым күні Павлодардағы Чкалов көшесінде сағат түнгі үш шамасында болған. Жанжал салдарынан белгісіз азамат 20 жастағы жігітті пышақтаған, деп хабарлайды Baq.kz.

«Ұрыс кезінде белгісіз азамат 20 жастағы Павлодар тұрғынын пышақтаған. Ол пышақ жарақатынан жедел жәрдем машинасында көз жұмды», - дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде бейнебақылау камерасына жазылған видео тарауда. Онда бір топ азаматтың оқиға орнынан асығыс кетіп бара жатқанын байқауға болады.

Желіде тараған жарияланым авторы әрі қаза тапқан жігіттің туысының айтуынша, оқиға орнынан 20 және 24 жастағы 3 жігіт пен 1 қыз қашқан.

Сонымен қатар, ол қайғылы жағдайдың кейбір деректерін айтқан. Оның баяндауынша, қаза тапқан туысының жанына белгісіз азаматтар келіп, одан темекі сұраған. Кейін олардың арасында жанжал туындаған.

Павлодар облысы ІІД-нің ақпаратына сәйкес, аталған оқиғаға қатысты бір күдікті ұсталған.ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлімі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ іс бойынша сот сараптамасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік