Түркістан облысында жасөспірімнің аяғы комбайнның орақ аппаратына кіріп кеткен

Комбайн, Түркістан облысы, Асықата, жасөспірім, аяғы, орақ аппараты, жазатайым оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2026 18:40 Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылы 26 қазанда Түркістан облысы, Асықата ауылындағы шаруа қожалығының аумағында 17 жастағы жасөспірім жазатайым жағдайға ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, комбайнды жөндеу жұмыстары кезінде жасөспірімнің аяғы ауыл шаруашылығы техникасының орақ аппаратына қысылып қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен жасөспірімді босатып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: