Екібастұзда үш жасар қыздың үстіне аквариум құлап, көз жұмды

Baq.kz
Екібастұздағы қалалық аурухананың қабылдау бөліміне мойны жарақаттанған үш жасар сәбидің мәйіті жеткізілді.

Үш жасар қыз ауруханаға барар жолда көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz.

Екібастұздағы қалалық аурухананың қабылдау бөліміне мойны жарақаттанған үш жасар сәбидің мәйіті жеткізілді. Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, көз жұмған сәби Алматы облысы, Алатау ауданынан бұл жаққа қонаққа келген. Алдын ала болжам бойынша, аквариум құлап, шағылып қалған кезде сәби жарақат алып, көз жұмған.

«5 тамызда сағат 19:00-де Екібастұз қалалық ауруханасынң қабылдау бөліміне 2015 жылы туған сәбидің денесі әкелінді. Оның ұйқы күретамырына зақым келген», - делінген баспасөз хабарламасында.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, бұл жыл басынан бері бала көз жұмған он бірінші қайғылы жағдай. Жыл басынан бері 7 бала суға батып, үшеуі терезеден құлап көз жұмған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады