Жамбыл облысында екі бала каналға батып кетті

ҚазАқпарат
Екінші бала әлі де іздестірілуде.

Жамбыл облысында «Левобережный» каналына батып кеткен он жасар бала іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Таңғы сағат 11-ден бастап Шу ауданында «Левобережный» каналына батып кеткен екі бала іздестіріліп жатыр. 10 және 11 жастағы екі бала шомылуға арналмаған жерде суға түсіп, ағып кеткен деп болжап отырмыз. Іздестіру шараларына 116 адам жұмылдырылды. Олардың қатарында Шу ауданының ІІБ және жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ, ауданның тұрғындары бар», - деп мәлім етті мекеме қызметкері.

Ведомствода хабарлағандай, іздестіру шаралары 13 тамызда сағат 20:30-да аяқталғанымен, еш нәтиже бермеген. Бүгін таңғы сағат 6:40-та өңірдің ТЖД-нің қызметкерлері судан 11 жасар баланың денесін алып шықты. Екінші бала әлі де іздестірілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді