Жамбыл облысында өрістегі малдарды атып өлтіріп отырған ұрылар ұсталды

Belnaviny.by
Олар ұрланған мал етін шұжық шығаратын цехтардың біріне өткізбек болған.

Жамбыл облысында әккі барымташылар қолға түсті. Ұрылар Мойынқұм ауданынан мал ұрлап бара жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар 24" арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Олар өрісте жайылып жүрген түліктерді қарумен атып алып, сойып тасымалдаған. Тәртіп сақшылары күдікті автокөлікті "Батыс Еуропа – Батыс Қытай"автомагистралінде тоқтатып, Тұрар Рысқұлов ауданының екі тұрғынын ұстады. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында көліктен 4 сиырдың тұтас еті мен пышақ, балта және атылған оқтың бірнеше гилзалары табылды. Олар ұрланған мал етін шұжық шығаратын цехтардың біріне өткізбек болған. Олар бұған дейін осындай әрекеті үшін бұрын бірнеше рет істі болған. Қазір кінәсын мойындады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды