Талдықорғанда "қыз сататын" қонақ үй табылды

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі©
Қаладағы қонақ үйлердің біріне полицейлер сау етіп кіріп келді.

Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысатын қыздардың притоны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, жезөкшелер ордасынан 20-38 жас аралығындағы жүрісі күмәнді он-шақты қыз табылды. Олар ақшаға тәнін саудалайтын интим-қызметшілер болып шықты.

Қыздар полиция бөлімшесіне жеткізіліп, арнайы есепке қойылды.

"Аталған қонақ үй әкімшілігінің төрт қызметкеріне жеңгетайлық және притон ұйымдастыру деген күдік тағылып, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Күдіктілердің бірі қамауға алынды, қалған үшеуі шақырылған жағдайда келуге міндеттелді. ҚР Қылмыстық кодексінің 306 бабы, 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды" – деп хабарлады аймақтың ПД баспасөз қызметі.

Заң бұзушылық табылған қонақ үйдің жұмысы уақытша тоқтатылды. Оның қожайынын да жауапқа тарту мәселесі қарастырылуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды