Қорғаста темекі өнімдерін контрабандалық жолмен алып өтпек болған үш қазақстандық ұсталды

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі
Шекарашылар иесіз жатқан жүкті арыққа жасырылған жерінен тапқан.

Қорғастық шекарашылар жалпы құны 6 950 000 теңгені құрайтын темекі өнімдерін елімізге контрабандалық жолмен алып өтпек болған үш Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Контрабандашылар "Голден Дир" және "Алюр" маркалы темекі өнімдері толтырылған 35 қорапты алдын ала Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығының аумағындағы шетелдермен қатынасатын автокөліктер тұрағының маңайындағы арыққа жасырып кетіпті. Оны кешкісін Орталық аумағын аралап жүрген шекара наряды тауып алған", - делінген хабраламада.

Қылмыскерлердің ойларын әріден аңғарған шекарашылар тауар табылған жерге тосқауыл қояды. Түн қараңғылығын жамылып, сағат 4-тер шамасында сол жаққа қарай жасырын келе жатқан 28, 29 жастардағы үш жігіт қылмыс үстінде қолға түсті.

Аталған іспен Панфилов аудандық полиция бөлімі айналысуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі